2022 жылдың 16 мамыр - 16 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау жылына арналған "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу аясында Білім бөлімінің жоспарына сай Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 3 маусым күні "Балалық шақтың бақытты күлкісі" тақырыбында туристік тимбилдинг өткізілді. Жарысқа аудан мектебінің оқушылары қатыстырылды. Жарыс 6 түрлі кезеңдерден өтті. Жарыстың нәтижесінде:

І орын Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушылары (Жетекшісі Сарсембаев Е.)

ІІ орын Абай атындағы жалпы орта мектебі (Жетекшісі: Шамашев Т.) және Нұржау жалпы орта мектебінің оқушылары (Бакешова Г.)

ІІІ орын З. Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты (Сапуов Т.) және Н.С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары иеленді (Жетекшісі: Абдуллаев А.)

Жарысқа қатысқан барлық оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!

#kurm_балаларжылы

#балаларжылы