2022 жылдың 26 шілде күні Аудандық жас туристер бекетінің балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өтілетін шаралар жоспарына сәйкес,үйірме оқушылары Нұржау ауылында Шарон өзені маңына табиғат аясына өлкетану бағытында жорық жасады. Мақсаты: Өлкеміздің табиғи ресустарын танып біліп, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін таныту. Жорыққа бөлім меңгерушісі К.Базарбаев пен үйірме жетекшісі З.Сабихиев басшылық жасай отыра,оқушыларға жергілікті жер-су атаулары туралы қызықты да,мәнді мәлімет берді және спорттық ойын-жарыстар өткізілді. Балалар жақсы демалып,көңілді тарады.
#Құрманғазыаудандықбілімбөлімі
#туристскокраеведческоенаправление
https://qurmangazy-sut.kz/kz/zhanaly-tar/121-2022-zhyldy-26-shilde-k-ni-audandy-zhas-turister-beketini-balalardy-zhaz-y-demalys-kezinde-bos-ua-ytyn-tiimdi-tkizu-ma-satynda-tiletin-sharalar-zhosparyna-s-jkes-jirme-o-ushylary-n-rzhau-auylynda-sharon-zeni-ma-yna-tabi-at-ayasyna-lketanu-ba-ytynda-zhory-zhasady.html#sigFreeId0e259db40b