2022 жылдың 28 шілде күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуінің іс-шара жоспарына байланысты өлкетану үйірме оқушылары Құрманғазы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Мақсаты: Тарихы сырға толы Құрманғазы мекені туралы оқушыларға түсінік беріп, туған жерге деген махаббатын қалыптастыру.Өлкетану бөлімінің меңгерушісі К.Базарбаев пен үйірме жетекшісі Н.Бахтыгереева бастаған үйірме оқушыларын Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Асылбекұлы Абай мұражайдың өлкетану, этномәдениет және ауданымыздың танымал адамдарына арналған бөлімдерін және флора-фауна залын аралатты. Қазіргі заманауи 3D модельдеу экраны арқылы мұражайдағы ескі жәдігерлердің үш өлшемді нысандарын көрдік.Балалар ауданымыздың атқару жұмыстарында, балық кәсіпшілігінде, Ұлы Отан соғысына қатынасқан, педагогика, медицина, спорт саласында және кәсіпкерлік мекемелерде аянбай еңбек еткен, ұмытылмас ерлік жасаған жерлестеріміз туралы, өлкеміздегі ұлттық салт-дәстүрлер және әр салада қызмет еткен жерлес аға-апаларымыз туралы мәліметтер алды. Балалар өлкеміздің керемет тарихы туралы тамашалап,жақсы көңілде тарады

#АтырауҚосымшаБілім

#Құрманғазыаудандықбілімбөлімі

#туристікөлкетанубағыты

#туристскокраеведческоенаправление