https://qurmangazy-sut.kz/kz/zhanaly-tar/133-tuyndysy-men-ta-dyry-shtas-an-bizdi-lke-zh-ne-bardty-nder-baj-auy-zharysy.html#sigFreeId9de5941485
2023 жылдың 25 қаңтар күні Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен, өлкетану және спорттық туризм үйірме оқушылары арасында «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» және «Бардтық әндер байқауы» өтті. Байқауға аудан мектептері арасынан 16 қатысушы қатысып, төмендегідей нәтижелерді көрсетті:
«Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» тақырыбында поэзия оқудан:
І-ші орынды Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Амантай Жанель, ІІ-ші орынды Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сайфеден Ұлан және Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Берік Асылай,
ІІІ-ші орынды Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Музафар Айсана, Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Кадирова Акбота, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Қадыржанова Аянат иеленді.
«Бардтық әндер байқауы» бойынша
І-ші орынды Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ғапу Мақсат;
ІІ-ші орынды Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Бектелеуов Расул мен Бижан Нұрсая;
ІІІ-ші орынды Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сагидуллаева Райхан иеленді.
З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты мен Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары алғыс хатпен марапатталды.