Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер білім бағыттарын ізгілендіру мен оны теориялық – әдістемелік тұрғыда тереңдетуді көздейді. Сондай-ақ ұрпақтардың білімі мен біліктілігі туған елінің көкейкесті проблемалары мен саяси – әлеуметтік жағдайларын жақсарту және қолдау көрсетудегі жауапкершілігін сезіндіруі болатын. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған өлкесінің табиғатын қорғау мен экологиялық проблемаларын шешуге бағыт беру. Қоршаған ортаны аббатандыру арқылы бір үлесі - гүл отырғызу.

Гүл- жердің көркі”,- дегендей жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы олардың құпиялары, сонымен қатар адамзат өміріне ауадай қажет дəрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктерін насихаттау мақсатында 2023 жылдың 17 ақпан күні Құрманғазы аудандық жас туристер КММ-нің, "Экология" бағыты бойынша "Жас флорист" сайысы өткізілді.

Сайысқа 9 команда қатысып, төмендегі нәтижеге қол жеткізді:

І-орын - Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп оқушылары Сабит Милана, Дастан Қаламғали. Жетекшісі: Нсанова Г.

ІІ-орын - Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Айпкалиева Бақыт, Нұрбай Аружан. Жетекшісі: Хайруллина Г.

ІІ-орын Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары

Айболат Іңкәр, Бауыржанқызы Мадина. Жетекшісі: Сүйінішқалиева И.

ІІІ-орын Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Рахметоллақызы Жанерке, Ғимран Рысгүл. Жетекшісі: Жардемова А.

ІІІ-орын Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушылары Нұрлығайын Нұрасыл, Ғаділбек Асылбек. Жетекшісі: Биляшева Ж.

ІІІ-орын С. Имашев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Тұралбекқызы Ильнара, Қайырболатова Аяжан. Жетекшісі: Ихсанова А.

М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі, З. Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернат және Ақкөл жалпы орта мектеп оқушылары Алғыс хатпен марапатталды. Қатысушылармен жетекшілерін марапаттарымен құттықтаймыз!