Осынау көркем мерекенің қай кезде орны бөлек. Олай болатыны, әйелдер қауымына деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осыған орай 2023 жылдың наурыздың 4 жұлдызында Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне үйірме жетекшілер арасында "Women`s Teams" тимбилдінгі өткізілді. Бұл тимбилдингтің мақсаты мереке қарсаңында үйірме жетекшілеріміздің әйелдер қауымына әсерлі жақсы көңіл күй және берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болатын. Тимбилдинке қатысушылар "Жалын", "Бірлік" атымен екі топқа бөлініп қатысты.

Бұл тимбилдинг:

  1. Мергендер
  2. Туристік
  3. Аяқ-қол
  4. Jumper
  5. да Винчи
  6. Қалашық кезеңдері бойынша өткізілді. Әр кезеңдерде қатысушылар жүздеріндегі қуанышты, рухты, бір-біріне деген сыйластықты көрсетіп, белсене қатысты. Сайысты қорытындылай келе, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін тимбилдинг сайысында достық жеңді. Қатысушыларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен жылы лебіздерімізді жеткізіп, Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды